Теледидардан да артық
Бұл өз ойыңызды көрсету жолы — сіздің кеңістігіңізде, сіздің ережелеріңізбен.
Біздің интерьер теледидарларын іс жүзінде қараңыз
Өмір сүру салтыңызға сай теледидарды таңдаңыз
-
Ерекшеліктері
-
Экран өлшемі
-
Жақтау түсі
* Қосымша ақпарат алу үшін әр өнімнің бетіне кіріңіз.
The Frame
Өз стиліңіздегі дизайнды әзірлеңіз
Жұқа фотожиектеме түрінде жобаланған. Art Store-да 1 600 астам өнер туындысына қол жеткізіп, жаңа күңгірт дисплейімізбен бірге олардан рақат алыңыз.
The Freestyle
Жарқын әсерлер барлық жерде
Freestyle — бұл сіз қалайтын проектор, тіпті одан да керемет. 180 градустық құрылым контентті кез келген бетке проекциялау кезінде икемділікті қамтамасыз етеді. Ал 360° премиалды дыбыспен сіз кез келген жерде Smart TV-ның барлық функцияларынан рақат ала аласыз
The Premiere
4K-да үш еселік лазері бар жеке кинотеатрыңыз
Кескінді 3,3 метрге дейін кеңейтетін аса жарық үш еселік лазердің және кеңістікті толтыратын қуатты дыбыстың арқасында Premiere сіздің үйіңізге фантастикалық бойлау деңгейін сыйлайды. 4K ажыратылымдығымен және сертификатталған OTT-сервистермен Smart TV көруден рақат алыңыз.
The Sero
Теледидар экранындағы ұялы ойын-сауық
Көлденең де, тігінен де оңай ауыстырылатын үлкен экранда ұялы контентті көруге арналған мінсіз теледидар. QLED технологиясымен және күңгірт дисплеймен сүйікті видеоларыңызды жарық шағылуын болдырмайтын ТД экранында көріңіз және қуатты 60-ваттық Sero 4.1ch динамиктерінен рақат алыңыз.
* Сурет көрнекілік мақсатта үлгіленген.Түстің қолжетімділігі елге немесе жабдықтаушыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Бірге жақсырақ
Сіздің теледидарыңызбен үйлесетін және көру әсерін жақсартатын аксессуарларды таңдап алыңыз.
* Теледидар мен аксессуарлар бөлек сатылады.
Алынбалы жақтау
Көңіл күйіңізге қарай таңдауға болатын әр түрлі түстер нұсқалары.
Studio Stand тіреуіші
The Frame теледидарын орналастырудың шексіз мүмкіндіктері. Тіреуіш сіздің рухыңызға және интерьеріңіздің стиліне сай келетін туындыны жаңаша айшықтайды.
The Freestyle-ға арналған аксессуарлар
Функционалдық корпустар, адаптерлер және т.б.