Кхмерлер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Кхмерлер
кхмер, кхмаэ
Бүкіл халықтың саны

13,4 млн.

Ең көп таралған аймақтар
 Камбоджа

8,6 млн.

 Тайланд

1,4 млн.

 Вьетнам

1,2 млн.

 Лаос

5 000

Тілдері

кхмер тілі

Діні

буддизм

Кхмерлер (кхмер: ខ្មែរ, тай. ชาวเขมร, вьетн. người Khmer) — Камбоджаның тұрғылықты халқы. Жалпы саны 13,4 млн адам. (2008, халық санағы). Олар сондай-ақ Таиландтың солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында (1,4 млн. адам), Вьетнамның оңтүстігінде (1,2 млн. адам) және Лаоста (5 мың адам), АҚШ-та – 189,5 мың адам. (2000, халық санағы).[1]

Антропология жағынан кхмерлер моңғол нәсілінің оңтүстік азиялық тобына жатады.

Кхмер (камбоджа) тілінде сөйлейді. Камбоджада диалектілердің солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс топтары бар. Жазуы оңтүстік Үндістаннан шыққан арнайы әліпбиге негізделген жазу (кхмер жазуы). Оңтүстік-шығыс тобындағы Пномпен диалектісіне негізделген әдеби тіл.[2]

Буддизмдің оңтүстік тармағын (тхеравада) ұстанады.[3]

Кхмер халқы біздің заманның бас кезінде оңтүстік Үндіқытайдағы көптеген тайпаның бірігіп, топтасуы нәтижесінде қалыптасқан. Бұл үрдіске мәдени дамуы жағынан едәуір жоғары сатыда болған көрші халықтардың, әсіресе, Үндістанның әсері тиді.

Қарқынды дамып, халық ірі қалаларды құра бастады, көп ұзамай кхмерлердің алғашқы мемлекеттік қалыптасуы – Бапном пайда болды. Бастапқыда бұл патшалықтың аумағы салыстырмалы түрде шағын болды, бірақ кхмерлер өздерінің иеліктерінің шекарасын кеңейтуді алдына мақсат етіп қойды. сол күндері кхмерлер өз аймағында ең жақсы жауынгер ретінде танымал болды. Табылған әскери қабірлердің ішінде (оларда қару-жарақ, қажетті құрал-жабдықтар болған) көп бөлігін әйел бейіттері құрайды. Кхмер армиясында ер адамдар ғана емес, сонымен бірге адамзаттың әдемі жартысының өкілдері де қызмет еткені белгілі болды.[4]

Кхмер әйелі егіс алқабында

Кхмер мәдениетінің гүлденуінен кейін оның құлауы келеді. XIV ғасырға қарай күшке ие болған тай басқыншылары қаланы үнемі қиратумен болды. Жаңа жерлерді бірте-бірте жаулап ала отырып, кхмер халқын кері ығыстыра бастады. Вьетнам мен тай Сиам кхмер жерлерін бөлген кезде, халық үкіметі Франциядан көмек сұрайды. Француздар тай әскерлерін оңай жеңеді, содан кейін тек екі кхмер аймағын Сиамға (соның ішінде Ангкор) беру туралы келісімге қол қойылды. Француздардың билігі жергілікті халықты басып-жаншу мақсатын көздеді, бұл қоғамда наразылық туғызады. Біртіндеп кхмерлер автономия мәртебесіне, ал 1955 жылы өз мемлекетінің тәуелсіздігіне қол жеткізді. Дегенмен Камбоджада ішкі қақтығыстар басталып, азаматтық соғысқа айналды. Мемлекеттік төңкеріс пен билікті қайта-қайта ауыстырудан кейін кхмер коммунистері жеңіске жетті.[5]

Кхмерлердің негізгі кәсіптері – егін шаруашылығы. Көбінесе күріш,жүгері гевея өсіреді. Сонымен қатар мүйізді ірі қара ұстайды, балық аулау кәсібі кең тараған, құс пен шошқа өсіреді. Кхмерлердің дәстүрлі көлігі - өгіздер жегілген арба, көбінесе оюлармен безендірілген. Суда ағаш немесе бамбук қайықтарымен қозғалады. Дәстүрлі қолөнер - бамбук өңдеу, керамика, ағаш және сүйек ою, металл өңдеу.[6]

Өмір салты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кхмерлер ұзақ уақыт бойы таптық жіктелуді сақтап қалды, бұл мінез-құлық пен сөйлеу этикетіне үлкен әсер етті. Шағын екі жақты отбасы басым, көп әйелділік ауқатты қалалық отбасыларда кездеседі. Әдетте неке жастардың бастамасымен қиылады. Қыздың жас жігіттен бір қорап арека жаңғағы мен бетелді сыйлық ретінде қабылдауы оның тұрмысқа шығуға келісімін білдіреді. Ұзақ уақыт бойдақ немесе үйленбей қалу кхмерлер арасында өте айыпты болып саналды. Неке жасы ерлер үшін 20-25 жас, әйелдер үшін 16-22 жас.

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауылдары түзу орналасқан. Дәстүрлі тұрғын үйлері қадаларға бекітіліп, қадалар арасында сарай, арбалар, тоқу станоктары орналастырылған. Үйдің негізгі түрі - бүйірден кіреберісі бар тұрғын үй. Ғимаратта ас үйі бар веранда бар. Ал қазір олар қадалардағы үйлерде тұрмайды. Соңғы онжылдықтарда кхмерлер едендері бар үйлерде тұрады.[7]

Дәстүрлі киімдері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дәстүрлі киімі — саронг. Ерлер де, әйелдер де шаштарын қысқа кеседі. Ерлерге арналған жұмыс киімі – қара жейде мен қысқа шалбар, ал әйелдер үшін – туникаға ұқсайтын ұзын көйлек. Аза тұту кезінде кхмерлер ақ киім киіп, шашын қырады.[8]

Дәстүрлі тағамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Кхмер дәстүрлі тағамының негізі күріш болып табылады, ол Үндіқытайдың басқа жерлеріндегі сияқты ешқандай қоспасыз, соның ішінде тұзсыз дайындалады. Күрішті прахок пастасы (сазды ыдыстардағы тұздалған ашытылған балық) және "нёк мамом" соусы (хош иісті және қышқыл шөптер, пияз, сарымсақ, бұрыш, жемістер) қосып жейді. Кхмер тағамдары өте ащы. Сорпалардан әсіресе лимон қосылған балық сорпалары тән. Сонымен қатар, олар асқабақ пен апельсин жапырағы дәмдеуіштері қосылған фаршпен толтырылған тасбақа етін, шегірткелерді, ас шаяндарды және бақаларды жейді. Ет басты мерекелік тағам. Олар әдетте көк шай ішеді.[9]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.
  2. Кхмерлер. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.
  3. Кхмерлер. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.
  4. Кхмерлер - Камбоджаның белсенді халқы. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.
  5. Кхмерлер - олар кім?. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.
  6. Кхмер халқы. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.
  7. Кхмер халқы. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.
  8. Әлем халықтары/Кхмерлер. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.
  9. Камбоджа халықтары. Тексерілді, 6 қыркүйек 2024.